Жаңалықтар

Семейлік тұрғыннан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді

ҰҚК

Тінту барысында аң стилінде орындалған жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сақ дәуіріне жататын алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен Семей тұрғынын ұстады.

"ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Тінту барысында сақ дәуіріне жататын, аң стилінде орындалған жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі (Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама жасалады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.