Қостанай облысында шетелдіктен 2 млрд теңгелік киік мүйізі тәркіленді
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Қостанай облысында шетел азаматынан құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді.
Полицияның мәліметінше, 22 желтоқсанда «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы шеңберінде, Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында полиция қызметкерлері бірлесіп Toyota Alphard автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы жолаушыға және шетел азаматына тиесілі үш жол сөмкесі табылды.
«Сөмкелерде ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат болды. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтіргенә, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байгонов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.