Әріптесіне 30 жерден пышақ сұғып өлтірді деген күдікпен қостанайлық дәрігер тұтқындалды

Әріптесіне 30 жерден пышақ сұғып өлтірді деген күдікпен қостанайлық дәрігер тұтқындалды

Әріптесіне 30 жерден пышақ сұғып өлтірді деген күдікпен қостанайлық дәрігер тұтқындалды
ашық дереккөзі

Қостанайдағы облыстық психиатриялық диспансерінің бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина әрітптесін өлтірді деген күдікпен тұтқындалды. Бұл жөнінде Baq.kz хабарлады. 

 Дәрігер емдеу мекемесінің қызметкерлері мен қаралуға келген көптеген куәгерлердің көзінше тұтқындалған. Оқиғаға куә болғандар тұтқындалған Зәуреш Изалдинаны қолына кісен салып, ауруханадан алып бара жатқан тәртіп сақшыларын көргендерін айтуда.
"Қазіргі таңда аталмыш тұтқындаудың мәнін білмек болып, ол кісі қолынан қаза тапқан Қостанай облыстық сот медэкспертизаның төрағасы Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысы бар-жоғы туралы ақпарат беруге сұраныс жібердік. Бірақ, оған қазір нақты жауап ала алмай отырмыз", - деп жазады басылым. Дегенмен де, әлеуметтік желілерде өздерін марқұм Сандыбаева мен тұтқындалған Изалдинаның әріптестеріміз деп көрсеткен адамдар кісі өліміне қатысты өз пікірлерін білдіруде. Олар бұрынғы бас дәрігердің өліміне осы Зәуреш Изалдинаның бірден-бір күдікті екенін алға тартуда. Зәуреш Изалдина – жоғары санатты психиатр-нарколог дәрігер. 45 жаста, екі баланың анасы. Бұған дейін дәрігердің өліміне қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізген полицейлер кеше тың деректерімен бөліскен еді. Қазіргі таңда дәрігерді жауыздықпен өлтірді деген үш күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. «Кісі өлімі орын алған күні құрылған арнайы жедел-тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын өткізді. Өмірінің соңғы жылдарында облыс бойынша жоғары санаттағы сот-психиатриялық сарапшы болып қызмет еткен Рашида Сандыбаеваны қаскөйлердің өлтіру себептерінің механизмін анықтады. Осы қылмыстық іске қатысты үш күдікті ұсталып, қолымен істегендерін мойнымен көтеретіндерін айтып, куәлік беріп отыр», – деген болатын кеше облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашарина. Сонымен қатар, осы қылмысты жасағандар  тұтқындалған үш күдіктімен шектеліп қалмайтыны белгілі болған еді. Полицейлер қылмыстық топтың өзге мүшелеріне айып тағып, тұтқындау үшін тергеу жүргізіп жатқанын жеткізген. Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны белгілі болды. Күдіктілер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.