Қоғам

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

ашық дереккөз

Боран түсіп, көктайғақ болады және екпінді жел соғады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бүкіл аумағының ауа райына Атлантикалық циклон өз әсерін сақтап, қар аралас жаңбыр жауады. Сонымен қатар боран, көктайғақ және екпінді жел 15-28 м/с, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп күтілуде. 

«30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 аязға дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 3-13 аязға дейін аздаған төмендеуі күтіледі», – делінген хабарламада.