Қоғам

Астанада мас ер адам жылы аялдаманың әйнегін сындырды

Видеодан кадр

Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Мас күйде аялдамаға зақым келтірген астаналық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz. Полицияға белгісіз біреудің мас күйде аялдама павильонының әйнегін бүлдіріп алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы фактіге қатысты қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталды.

«Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ 147-1 бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жинақталған материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.