Түгел түркі

Түркияда қазақ әйелдерінің көрмесі өтті

ostwest.tv

12 тарихи тұлғаның майлы бояумен салынған портреті түрік өнерсүйер қауымының назарына ұсынылды.

Қазақ даласынан шыққан ұлы әйелдер аз емес. Ұлтымыздың қалыптасуы мен дамуына, рухани өмірі мен мәдениетіне ерекше үлес қосқан осындай қазақ әйелдері туралы халықаралық көрме Ыстамбұлда өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, Домалақ ана, Томирис, Зере, Әлия мен Мәншүк сияқты 12 тарихи тұлғаның майлы бояумен салынған портреті түрік өнерсүйер қауымының назарына ұсынылды. Қазақстандық танымал суретшілердің картиналары қазақ әйелінің образын көрерменге ерекше тәсілмен жеткізген. Шараға келген қонақтар туындыларға жоғары баға берді. Ыстамбұлдағы бас консулдықтың қолдауымен өткен «Ұлы қазақ әйелдері» көрмесінің соңы шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Қазақстанда өзім екі рет болдым. Ол жақтағы суретшілермен жақсы таныспын. Өте жақын араласатын достарым да бар. Бүгінгі көрмедегі ерекше картиналардағы қазақ әйелдерінің образы әлемнің өзге де әйелдеріне үлгі болса деген мақсатпен ұйымдастырып отырмыз», – деді суретші Еркен Доғанай.