Жаңалықтар

«Оңай болмады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы жайлы айтып, көзіне жас алды

ашық дереккөз

Ол анасы 49 жасында 4 төрт баласымен, ал жеңгесі 6 баласымен жесір қалғанын айтты.

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «1001 түн» бағдарламасында сұхбат берді. Ол марқұм жұбайын еске алып, анасы да, жеңгесі де көп баламен ерте жесір қалғанын айтты.

«Қайын жұртым күйеуімнің жылы өткесін иығыма ақ орамал жауып, «Ендігі өмірің ақ болсын» деп батасын берді. Мен біреуге арқай сүйей аламын ба? Мен біреуге сенемін бе? Бұл сұраққа қиналып жауап беремін. Білмеймін...

Бауырлары бар, Құдайға шүкір! Ағайын-туыс, нағашы жұрты бар. Екі қол, екі аяқ бар. Ешкім әкесіндей бола алмайды. Көп жұмыс істеймін, иә. Ол үлкен салмақ. Сен бір шетте жылап отырсаң, балаң саған қарайды. Баланың жүрегін ауыртқым келмейді. Маған тез жиналуға тура келді. Әрине, оңай болмады. Бірақ басқа амал жоқ. Қайта қасымда анам, қайын апаларым, қайын ағаларым, жора-жолдастарым бар.

Анам да 49 жасында 4 төрт баламен жесір қалды, әкем қатты ауырды, жеңгем 6 баламен қалды. Олардың қасында Қайрекең балаларға керек сәтінде қасында болды. Мықты тәрбие беріп кетті. Балаларыма қазір қатты сөйлей алмаймын, бірақ «менің ойымша, сенің бұл іс-әрекетің әкеңе ұнамас еді» деп айтамын. Түсіндірудің ең биік жолы - сол. Жинала қояды. Жеңгем алтыншы баласын ағам дүниеден өткеннен кейін төрт күннен кейін дүниеге әкелді. Жеңгемнің мықтылығына қарап, басқа да келіншектердің мықтылығын мойындаймын», - деді көзіне жас алған Ләйлә Сұлтанқызы.