Алматылық тұрғынның үстіне балкон қоршауы құлап кетті
Салдарынан ер адамның аяғы сынған.
Алматыда үйлердің бірінің балконынан қоршау құлап, ер адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.
Ер адам Желтоқсан көшесімен келе жатып, кенет балконнан оның үстіне темір қоршау құлап кеткен. Салдарынан ер адамның аяғы сынған.
Алмалы аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында тіркелген.
«ПИК төрағасына қатысты Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Полицейлердің мәліметінше, зардап шеккен азамат ПИК төрағасының үстінен сотқа шағым түсірмекші.