Жаңалықтар

«Қазақмыс» кенішінде 31 жастағы жұмысшы қаза тапты

kazakhmys.kz

Оқиға 26 желтоқсан күні сағат 18.30-да болған.

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

««Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлайды.

Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинисті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген компания мәліметінде.

Еске салсақ, бұған дейін 27 қарашада компанияның Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған жұмысшылары ауыр жарақат алып, қаза тапқан болатын.