Қоғам

«Оңбай құладым»: Жұлдыз Әбдікәрімова сахнада аяғы тайып кеткенін айтты

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белін ауыртып алған өнер иесі жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сахнада өнер көрсетіп жатып құлап қалғанын айтты, деп жазды turkystan.kz.

Белін ауыртып алған өнер иесі жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған.

«20 күн қобалжып, дамылсыз дайындалдық. Нәтижесі осы халқымның қол соғуымен бағаланды деп білем. Сіздерге білдіртпеген қанша дүние болып жатыр. Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым. Десе де, көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде көзім қарауытып, жаныма батып тұрған ауруға әрең шыдадым. Жедел жәрдем тез жетіп, ауырғанды сездірмейтін уколды тамырымнан тамызып, сахнаға қайта жүгірдім. Ет қызуымен, дәрінің күшімен қойылымды аяқтап, ауруханаға барып, қол-аяғымды таңдырып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ. Себебі бүгін сіздерді күтемін», - деп жазды актриса Instagram парақшасында.