Қоғам

Медиа саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр – Балаева

Журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып, әзірленген «баспасөз картасы» ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баспасөз конференциясын өткізді. Министр ведомствоның 2023 жылы іске асырған жобалары мен міндеттері туралы баяндады, деп хабарлады turkystan.kz.

Аида Балаева министрліктің ақпараттық жұмысы үш негізгі бөліктен тұратынын атап өтті. Олар: медиасфераны дамыту бойынша жағдай жасау, халықты мемлекеттік саясатты іске асыру туралы хабардар ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Спикердің айтуынша, журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып, әзірленген «баспасөз картасы» ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады. Жұмыс өтілі, жоғары білімі керек деген деген критерийлер жалпы жұмыс топтарының талқылау қорытындысы бойынша алынып тасталды. Алайда аккредиттеуді жеңілдету жолдары қалай жүзеге асатынын айту ерте. Олар алдағы уақытта айқындалады. Жалпы, депутаттар заң жобасы бойынша 114 түзету енгізді. Барлық ұсыныс Үкімет пен мүдделі органдарда келісілгенде, Мәжіліске жіберіледі. 

Сонымен қатар Аида Балева онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға тоқталып кетті. Заң жобасы аясындағы басты мәселердің бірі – мемлекеттік тілдегі онлайн-платформалар интерфейсін дамыту.