Елордада балабақшаға электронды жолдама берілмек
Елордада балабақшаға электронды жолдама берілмек
Биылғы жылдың 10 сәуірінен елордадағы мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады. Бұл жөнінде Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Аталмыш қызметке жүгінушілерге 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін мынадай шарттарды орындау керек:
1) электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);
2) өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;
3) өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі, жақын жердегі балабақшаны анықтау үшін тұрғылықты мекенжай) қажет.
Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі. Жалпы Астана қаласы бойынша 8412 бос орын бөлінеді.