Жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалады

ЕЭК баспасөз қызметі

1 ақпанынан бастап Бақытжан Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы болады.

Бақытжан Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы болады. Бұл туралы Санкт-Петербургте өткен Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің отырысында Ресей президенті Владимир Путин айтты.

 «Мен 2024 жылдың 1 ақпанында басқарма басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтағым келеді – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеген және мен оған сенімдімін. Ол, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің әкімшілігінде болды, сондай-ақ Үкімет төрағасы, Қазақстанның Премьер-министрі болды», - деді Ресей Президенті.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы

1985-1988 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының оқытушысы;

1988-1992 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті;

1992-1993 жылдары – Maруе туристік-коммерциялық компаниясының президенті;

1993-1997 жылдары – "Қазмет" АҚ бас директоры;

1997-1998 жылдары – "ЛУКойлнефтегазстрой-К" ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары;

1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

1999-1999 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары;

1999 жылдың желтоқсанынан 2001 жылдың қаңтарына дейін – "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ басқарма төрағасы;

2001 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары;

09.2002-29.09.2004 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

29.09.2004-11.12.2007 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы;

11.12.2007-30.09.2008 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы

30.09.2008-20.01.2012 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

20.01.2012-09.2012 жылдары – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрі;

09.2012-01.2013 жылдары – "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары;

16.01.2013-11.2013 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі;

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (06.11.2013; қайта тағайындалды - 04.04.2014; қайта тағайындалды - 30.04.2015 - 09.09.2016);

09.09.2016-21.02.2019 жылдары – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;

01.03.2019-24.03.2019 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды.

2019 жылғы наурыздан маусымға дейін – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы.

2019-2022 жылдары – Алматы қаласының әкімі.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 1 маусымдағы шешімімен Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.

"Құрмет" орденімен (2008 ж.), "Парасат" орденімен (2013 ж.), ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен (2021 ж.) марапатталған.