Маңғыстауда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 172 мың айыппұл төледі
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемкорлыққа қарсы департаменті мәлім етті.
Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК (172 500) теңге айыппұл төледі, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
- Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек стансасының директорын тағайындау барысында, үміткер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тағайындалғанға дейін ұсынбаған (Заңның 11-бабына сәйкес). Яғни, Заңның 11-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды сақтамай, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының директоры етіп тағайындайды, - делінген Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті таратқан ақпаратта.