Жаңалықтар

21 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

astanatv.kz

Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлім етті.

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында

1. "Астана-Петропавл" автожолында 18-234 км, Астана қаласынан – Щучинск қаласына дейін.

2. "Көкшетау-Атбасар" автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан - Атбасар қаласына дейін.

3. "Екатеринбург – Алматы" автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан - Қажымұқан ауылына дейін.

4. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан - Сұрған ауылына дейін.

5. "Жезқазған-Петропавловск" автожолында 377-552 км, Қостанай облысының шекарасынан -Сұрған ауылына дейін.

6. "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолында 0-82 км, Жақсы ауылынан - Бұзылық ауылына дейін.

Жолдарда көктайғақ болып, тұман түсіп, жолдың көрінуі нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында

1. "Самара-Шымкент" автожолында 526-610 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасынан- Қобда ауылына дейін. Көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

2. "Самара-Шымкент" автожолында 776-844 км, Ақтөбе қаласынан - Хромтау қаласына дейін.

3. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 0-234 км, Қарабұтак ауылынан -Қостанай облысының шекарасына дейін. Шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілді.

4. "Самара-Шымкент" автожолында 844-1153 км, Хромтау қ. - Ырғыз ауылына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (қар, жел, көктайғақ).

Жетісу облысында

1. "Үшарал-Достық" автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан -Достық станциясына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Батыс- Қазақстан облысында

1. "Самара-Шымкент" автожолында 393-526 км, Жымпиты ауылынан -Ақтөбе облысының шекарасына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (көктайғақ).

Қостанай облысында

1. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 218-232 км, Октябрьское ауылынан -Ақмола облысының шекарасына дейін.

2. "Жезқазған-Петропавл" автожолында 339-377 км, Арқалық қаласынан -Ақмола облысының шекарасына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты).

3. "Қарабұтак-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан-Денисовка ауылына дейін. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (Ақтөбе облысында ауа-райының нашарлауына байланысты).

4. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 108-218 км, Әулиекөл ауылынан -Октябрский ауылына дейін.

5. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 7-108 км, Тобыл қ- Әулиекөл ауылына дейін.

6. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 556-686 км, Тобыл қаласынан - Сарыкөл ауылына дейін.

7. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 418-539 км, Қарабалық ауылынан -Костанай қаласына дейін.

8. "Мамлютка-Қостанай" автожолында 250-404 км, Тобыл қаласынан - Ұзынкөл ауылына дейін.

9. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 386-503 км, Рудный қ. - Денисовка ауылына дейін. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел).