TikTok-тағы үздік мұғалімдер анықталды
Байқауға еліміздің әр өңірінен мұғалімдер қатысты.
TikTok платформасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілген кезекті #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
«TikTok-пен бірге жүзеге асырылған жобамыздың арқасында еліміздегі педагогтер жастармен, түрлі буындағы интернет қолданышуларымен бірге өз білімдерін шығармашылық тұрғыда әрі қызықты үлгіде бөлісу мүмкіндігін алды. Ұстаздардың да шет қалмай, интернет платформаларын игілікке пайдаланып, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттауы қуантады. #Қазақстанмұғалімдері бастамасының мақсаты – педагогтерді оқытудың жаңа шығармашылық әдістерін ашуға шабыттандыру, сабақ оқыту қызықты әрі тартымды екенін көрсету және еліміздегі білім беру мазмұнына қызығушылықты арттыру», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.
Байқауға еліміздің әр өңірінен мұғалімдер қатысып, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық пәндер бойынша қысқа форматтағы бейнероликтерін жариялады. Қатысушылар жобаның ресми хэштегтерін #Қазақстанмұғалімдері мен #УчителяКазахстана пайдаланды, соның арқасында қаралым саны 800 миллионнан асып түсті. Келесі мұғалімдер байқаудың жеңімпаздары атанды: «ТикТок мұғалімі 2023» Бұл санатта белгілі бір пән бойынша ақпарат нақты және креативті көрсетілген бейнеролик бағаланды. Жеңімпазы - Алматыдағы физика пәнінің мұғалімі Хайдар Мурзахметов @neverhaid атанды. Ол қазақстандық топтың танымал әнін орындап, белгілі физик Исаак Ньютон мен оның заңдарына арнап сәнді бейнебаян түсірді. Хайдар TikTok-ты физика сынды күрделі пәнді де жалықтырмай, шығармашылық тұрғыда көрсетуге болатын edutainment-форматы үшін мінсіз платформа екенін тағы да дәлелдеді. «ТикТок оқытушысы 2023» Бұл номинация бойынша университет оқытушылары арасынан ең креативті бейнеролик ұсынған автор жеңімпаз атанды. Жеңісті алматылық робототехника пәнінің мұғалімі Хамза Дәулетбек @khamza_d иеленді. Ол екі минуттық бейнероликте Arduino платформасында роботты өз бетінше құрастыру жолын анық түсіндіре алды.
«Мұғалім-жаңалық» Байқау аясында жасалған бейнероликтері ең көп қаралған мұғалім «Жаңалық» деп есептелді. Бейнебаяндары 8 миллионнан астам қаралым жинаған Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылының тұрғыны, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 жеңімпаз атанды. Оның ережелерді қарапайым түрде түсіндірген позитивті бейнебаяны мыңдаған қаралымды жинауда. Ең танымал бейнеролик қазірдің өзінде 3 миллионнан астам рет қаралды. «Үздік бейнеролик» Бұл номинацияда TikTok-та ең көп қаралған танымдық бейнероликтің авторы жеңімпаз атанды. Ол павлодарлық ұстаз Игорь Гноева @andreichadela 5 миллионнан астам қаралым жинаған логикалық жұмбақ туралы бейнеролигі болды. Байқаудың барлық жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар – iPhone 15 Pro Max смартфондары беріледі. Бұл оларға миллиондаған TikTok қолданушылары үшін бұдан да сапалы бейнероликтер түсіруге мүмкіндік береді.