Қоғам

Алматыда балалар арасында сирек кездесетін ауруларды емдейтін орталық ашылды

Елде орфандық дертке шалдыққан 40 мыңнан астам балдырған бар.

Алматыда балалар арасында сирек кездесетін ауруларды емдейтін арнайы орталық ашылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Almaty арнасының мәліметінше, онда науқастарға жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде елде орфандық дертке шалдыққан 40 мыңнан астам балдырған бар. Ал жаңадан құрылған орталық республика бойынша жұмыс істейтін болады. Ауруханада ашылған бөлімшеде, одан бөлек, бұлшықеттің невралогиялық сырқаты мен дистрофиясы сынды ауруларды да емдейді