Қоғам

Павлодар облысында 2 адам жол апатынан көз жұмды

kharkov.comments.ua

Жол-көлік оқиғалары бойынша тергеу басталды

Павлодар облысында автокөлік пен трактор қағып кеткен екі адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, жол апаты фактілері бойынша тергеу басталды.

24 желтоқсанда Беловка - Қалқаман автожолының 18 шақырымында Toyota Land Cruiser-100 маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кеткен. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан қаза тапты.

«Сол күні Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің жазық даласында МТЗ-92 маркалы трактордың жүргізушісі мас күйінде алдыңғы күрегімен жұмыс істеп жатқанда өтіп бара жатқан салт атты адамды қағып кетті. Апат салдарынан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», – деді департаментте.

Жол-көлік оқиғалары бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрақтарына қойылды.