Жаңалықтар

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы 4 жылға сотталды

ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы гарнизонының әскери соты мәлім етті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін ескеріп, сот Ділмановтың мүлкін тәркілеп, қылмыстық кодекстің 450-бабы 2-бөлігі (билікті теріс пайдалану) бойынша 4 жылға бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Қазақстан президентіне Дархан Ділмановты «генерал-лейтенант» әскери атағынан, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «ҚР ҰҚК арадегері» құрметті атағынан айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Айта кетейік, 2022 жылдың 5 сәуірінде мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ділманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.