Жаңалықтар

2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

ашық дереккөз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола мен Павлодар облысындағы жол учаскелеріне шектеу қойылды.

25 желтоқсанда сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында 1 учаске:

Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін;

Павлодар облысында 1 учаске:

Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 309 техника жұмыс істеп жатыр.