Жаһан

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатыр

interfax.ru

Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған.

Ресейде 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында коронавирус инфекциясын 850 мыңнан астам адам жұқтырған, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 52%-ке көп. ДДСҰ-ның дерегінше, Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, өлім-жітім үш есеге өскен.

Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімет таратты.

Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і көз жұмыпты. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қазір Италия жаһанда бірінші орында тұр. Бір ай ішінде бұл елде 510 азамат дүние салды. Соңғы бір айда дүние жүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.