Қоғам

Маңғыстау облысында алаңдағы бас шырша құлап қалды

Әкімдік өкілдері шыршаның қайта орнатылғанын айтты

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңға орнатылған бас шырша құлап қалды. Әкімдік өкілдері шыршаның қайта орнатылғанын нақтылады, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңдағы жаңа жылдық шырша орнатылғанына бір тәулік те болмастан құлап қалды.

Маңғыстау аудандық әкімдігі ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бұл жайт қолайсыз ауа райына байланысты орын алғанын хабарлады.