Қоғам

Air Astana-ға билет алып, Fly Arystan-мен ұшқан жолаушыларға өтемақы төленетін болды

Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала ескертпестен Fly Arystan ұшақтарына ауыстыру жағдайы көбейген

Air Astana әуекомпаниясы ұшақты Fly Arystan әуе кемесіне ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төленуге тиіс. Бұл туралыкөлік вице-министрі Талғат Ластаев "Air Astana" АҚ-мен жұмыс кеңесінде айтты, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің мәліметінше Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала ескертпестен Fly Arystan ұшақтарына ауыстыру жағдайы көбейген.

Кеңес нәтижесінде Air Astana әуекомпаниясына бірқатар тапсырма берілді:

Air Astana әуе кемелерін "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау;

әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;

әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Air Astana резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы керек.