Қоғам

Шымкентте жаңа туған нәресте өлі табылды

Ашық дереккөз

Өлі табылған жаңа туған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр

Шымкент полицейлері 21 желтоқсанда өлі табылған жаңа туған нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция басқармасына жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру" бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыскерді табу үшін барлық қажетті шараны жасап жатыр.