Қоғам

Астаналық әйел өзімен бірге тұратын адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

Ашық дереккөз

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды

Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген.

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды.

Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.