Қоғам

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Әлеуметтік желіден

Көп жері сынған 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды

Жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайын қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, көп жері сынған 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы қосарлас жарақат пен жарақаттық шокқа байланысты ауыр.

55 жастағы ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі де жабық бассүйек-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Ал баланы N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында хирург, травматолог, нейрохирургтан тұратын көпбейінді бригада қарап, сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойды. Гипс таңылып, амбулаторлық емдеуге үйге жіберілді.