«Алтын Орда» базары иелерінің бірі қамауға алынды
Істің объективті тергеу мен сотта қарауға кедергі келтіруі мүмкін екені көрсетілді
«Алтын Орда» базары иелерінің бірі Данияра Әлпиев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
«Сотта ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген (алаяқтық, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген А. қатысты „қамауда ұстау“ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Алматы облысы Қарасай ауданы ПБ тергеушісінің өтініші қаралды», — деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Прокурор А. — ның мүлікке қарсы ауыр қылмыс жасады деп күдіктелгенін, 2019 жылдың басында осындай ауыр қылмыс үшін сотталғанын, тергеу мен соттан жасырынып, істі объективті тергеу мен сотта қарауға кедергі келтіруі мүмкін екенін көрсетіп, өтінішті қанағаттандыруды сұрады.
Адвокаттар А.-ның бұған дейінде жасырынбағанын және сот алдындағы тергеу органдарынан жасырынбайтынын, ешқандай ұрлық жасамағанын, аталған жағдай бойынша азаматтық-құқықтық қарым-қатынас бар екендігін көрсетіп, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
«Материалдарды зерттеп, тараптардың дәлелдерін тыңдап, сот ҚІЖК-нің 136, 147 және 151-баптарын басшылыққа ала отырып, тергеушінің А. — ға қатысты „қамауда ұстау“ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», — деп атап өтті Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі.