Қоғам

Қолайсыз ауа райына байланысты 4 облыста жолдар жабылды

Ашық дереккөз

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

22 желтоқсан сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Ақмола облысында - 7 учаске

«Екатеринбург-Алматы» автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан- Қажымұқан аулына дейінгі аралық — 313 км; 

«Қостанай-Әуликөл-Сұрған» автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан-Сұрған ауылына дейін — 28 км; 

«Жезқазған-Петропавл» автожолында 536-552 км, Бұзылық ауылынан- Сұрған ауылына дейінгі аралық — 16 км; 

«Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолында — 82км; 

«Көкшетау-Атбасар» автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан-Атбасар қаласына дейін — 137 км; 

«Астана-Қорғалжын» автожолында 19-124 км; 

«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолында 37-51 км, Қабанбай батыр аулынан-Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 км; 

Жетісу облысында - 1 учаске

«Астана-Қабанбай батыр - Нұра-Теміртау» автожолында 51-101 км, Ақмола облысының шекарасынан - Нұра ауылына дейінгі аралық — 50км. 

Қостанай облысында - 1 учаске

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 км, Октябрьское аулынан - Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 км. 

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. 

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 167 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.