Тұман, көктайғақ: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 23 желтоқсанда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын түсуі мүмкін.
Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.