Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті: Жүргізушіні ұрған ер адам қамалды
Ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобустың жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) және ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.