Спорт

«Келесі - Головкин»: Сұлтан Зауырбек 26 нокауты бар никарагуалықпен жұдырықтасады

Фото: ашық дереккөз

Сұлтан Зауырбекті кейінгі кезде Геннадий Головкинге теңей бастаған еді.

Екінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (16-0, 12 КО) никарагуалық Франсиско Фонсекамен (32-4-2, 26 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшының командасына жақын дереккөз мәліметінше, қазіргі таңда Фонсекамен келіссөз жүріп жатыр. Ал айқасты шамамен келесі жылдың басына белгілемек. 

Фонсека WBA рейтингінде тоғызыншы тұр. Карьерасын 2013 жылы бастаған никарагуалық боксшы төрт жылдан кейін IBF чемпиондығы үшін жұдырықтасты, алайда америкалық Джервонта Дэвистен нокаутқа түсті. 

2020 жылы WBC Silver титулы үшін айқаста Райан Гарсиядан бірінші раундта жеңіліп қалды.

Жалпы, ол карьерасында өткізген 38 жекпе-жектің отыз екісінде жеңген (26 нокаут). Сонымен қоса, төрт рет жеңілген екен. Фонсека жекпе-жектерінің басым бөлігін Никарагуа мен Коста-Рикада өткізіпті. Сондай-ақ, АҚШ, Панама, Ресей, Ұлыбритания және Аустралияда өнер көрсеткен.

Ал Сұлтан Зауырбекті кейінгі кезде атақты отандасы Геннадий Головкинге теңей бастаған еді.