Азия чемпионы Нұржан Қатаев Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды
Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының қорытынды конференциясында белгілі болды.
Еркін күрестен Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нұржан Қатаев Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының қорытынды конференциясында белгілі болды.
Нұржан Қатаев – еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бүгінге дейін спорт саласында елеулі еңбек еткен.
Сондай-ақ Атырау облыстық күрес федерациясын басқарған Асқар Құлов та вице-президенттікке сайланды.
Танымал мамандар еліміздегі күрестің дамуына ықпал ету үшін бірлесіп қызмет етуге кіріспекші.