Қоғам

Ағашқа соғылған: Ақтөбеде жол апаты болып, екі адам қаза тапты

ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда болған.

Ақтөбе қаласындағы орталық даңғылда көлік ағашқа соғылып, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда таңғы сағат 4.00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылының бойында болған.

«ВАЗ-2114 көлігінің 18 жастағы жүргізушісі «Мир» бизнес орталығының жанына жеткенде рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда олар алған жарақатынан қайтыс болды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.