Абай облысында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды

22 желтоқсан, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөз
Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды.

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түскен баланың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер баланың денесін тапты.

«Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.


Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды.

Тэгтер:

Полиция Бала Абай облысы мұз 5 жасар