Қоғам

Павлодар облысында жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған үш адам құтқарылды

Аққулы ауданы ТЖ бөлімі

Аққулы ауылының маңында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Жол апаты Омбы - Майқапшағай автожолында болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аққулы ауданы ТЖ бөлімінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жол-көлік оқиғасында құтқару жұмыстарын жүргізді.

«Аққулы ауылының маңында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Гидравликалық құралдың көмегімен бұзылған көліктен үш адам босатылып, дәрігерлерге тапсырылды, – дейді бөлімде.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оқиға орнында Аққулы ауданы гарнизонының жеке құрамынан алты адам және бір техника жұмыс істеді.