Қоғам

Қызылордада ерекше аялдама пайда болды

Бұл аялдама құтқарушылардың екінші креативті жобасы.

Қызылорда қаласының тұрғындары енді автобусты өрт сөндірушілер аялдамасында күтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, бұл аялдама - Қызылордалық өрт сөндіруші- құтқарушылардың екінші креативті жобасы.  

Қазіргі кезде  аялдамалар көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті  автокөлік жүргізушілеріне де өрт қауіпсіздігі қағидаларын насихаттауда.

Сонымен бірге аталмыш аялдамаларда Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі де көрсетілген.

Бүгіннің өзінде көптеген қала тұрғыны селфи-фотосуретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктеуде.