Қоғам

«Тараздық Гринч»: өзгенің ауласынан шырша ұрлаған ер адам ұсталды

Белгісіз адам шыршаны тұрғын үйдің аумағынан ұрлап кеткен.

Өзгенің ауласынан шырша ұрлаған «тараздық Гринч» анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жаңа жылдың қарсаңында Таразда жергілікті «Гринчтер» пайда болып, мерекенің басты сәнi шырша ағашының ұрлану дерегі тiркелді.

Белгісіз адам шыршаны тұрғын үйдің аумағынан ұрлап кеткен. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес көрсетілген қылмысты жасағаны үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді. Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.