Жаһан

Marvel жұлдызының кінәсі дәлелденді

ашық дереккөз

Сот шешіміне байланысты студия болашақта онымен бірге жұмыс істеуден бас тартты.

Marvel студиясы бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған Джонатан Мейджорспен бірігіп жұмыс істеуден бас тартты. Бұл туралы Euronews жазды. 

Нью-Йорктегі алқабилер соты америкалық актер Джонатан Майорсты бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасағаны және қудалағаны үшін кінәлі деп тапты. Бірақ, басқа да тағылған айыптардан ақталып шықты.

Прокурорлар наурыз айында актер жәбірленушінің саусағын сындырып, қолы мен құлағын жарақаттады деп мәлімдейді. Актер Marvel кино әлемінде жаулап алушы Кангтың рөлін ойнаған. Сот шешіміне байланысты студия болашақта онымен бірге жұмыс істеуден бас тартты.