Қоғам

Шымкентте көлігін шыршамен безендіріп алғандар жазаланды (ВИДЕО)

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді.

Жаңажылдық шырша элементімен және гирляндамен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқады.

Шымкентте жаңажылдық безендіруімен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.