T-Newspaper

Қазақ балетін өрге сүйреген тұлға

turkystan.kz

Қазақтың тұңғыш кә­сіби балет әртісі және балетмейстері, қа­зақтың халықтық сахна биі мен хореог­ра­фия­лық өнерінің негізін салушылардың бірі, Алматы хореографиялық училищесінің тү­­легі Дәурен Әбіровтің өнері мен шығар­ма­шылығы − өмірін өнерге арнаған бүгінгі қа­зақ жастарына үлкен өнеге.

Ұлт мәдениетінде әр саланың бастауында тұратындардың аты әрдайым құрметпен ата­­лып, даңқы кең жайылады, дегенмен олар­дың жаңа саланы қалыптастырудағы ең­бегі зор, төгетін тері де көп болады. Себебі өнер­дің бір түрін жаңадан бастау оңай емес. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақтың тұңғыш кә­сіби балет әртісі және балетмейстері, қа­зақтың халықтық сахна биі мен хореог­ра­фия­лық өнерінің негізін салушылардың бірі, Алматы хореографиялық училищесінің тү­­легі Дәурен Әбіровтің өнері мен шығар­ма­шылығы − өмірін өнерге арнаған бүгінгі қа­зақ жастарына үлкен өнеге.

Дәурен Тастанбекұлы Әбіров 1923 жыл­ғы 6 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дү­ниеге келген. Биші, балетмейстер, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Қазақстанның халық артісі (1984). Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы опера және балет театрында бірінші солист болып жұмыс істеп, қазақтың халық билері мен ба­лет өнерін дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Қазақтың «тақыр жерде ештеңе өніп шық­пайды» деген тәмсіліне құлақ ассақ, кім-кімнің отбасынан алған өнегесі оның бо­лашақ өмірінде азамат болып қ­а­лып­тасуына зор пайдасын тигізеді. Дәурен Әбіров­тің өз өмірі туралы жазғандарынан да соны байқаймыз. Ол өзі өскен отбасын бы­лай деп еске алады: «Менің әкем Тастан­бек ел құрметтейтін адам еді. Бойы ұзын, әдемі сақал-мұрты бар. Біздің қыстауда жеті отбасы тұратын. Әкем таңертең ерте мал қораның төбесіне шығып таң намазын бастар алдында бірнеше рет «Аллаһу акбар» деп даусын қатты шығарып азан шақыра­тын. Содан төбеден түсіп үйге келіп нама­зын оқитын. Әлеуметтік жағынан біздің отбасы ор­та­шаға жататын. Әкемнің 150 қойы, 40 сиы­ры, 70-80 жылқысы болды. Өзі ерекше қа­райтын Бурылтай деген тамаша аты бол­ды. Сонымен бірге әкем керемет аңшы еді, үйге қоян, борсық, қасқыр атып әкелетін. Олар­д­ың терілерін өзі өңдеп, дайындайтын. Құралайды көзге атқан мерген еді, көптеген жігіт оны ұстазым деп санайтын. Ол кісіге таңғалатынмын, қолынан бәрі ке­летін: аттың ер-тұрманын, түрлі ыдыс­тар­ды өзі жасайтын. Қажетті оқ-дәріні Тоқ­мақ қаласындағы базардан сатып алып, мыл­тығына оқтарды өзі құйып жасап ала­тын. Сол қаладағы базардан бізге неше түрлі тәт­т­ілерді алып келетін. Әкем таңғаларлық жомарт адам еді, ағайын-туғандар түрлі мәселелерді әкеммен ойласып, ақыл-кеңе­сін тыңдайтын. Үйде ешқашан ұрыс-керіс болған емес. Анам Рәш орта бойлы, ақ көңіл, жай­дары еді. Үйде балалары оның өзі дайындап, қарынға салып қойған майынан білдірмей алып жеп қойса да, анамыз ештеңе біл­ме­гендей жүре беретін. Үйде айқай-шу шық­қанын қаламаса керек. Ата-анам өте тату-тәтті өмір сүрді. Жеті ба­ласы болды, мен алтыншысы едім». Дәурен Әбіровтің бұл естелігінен оның на­ғыз қазақи отбасында тәрбиеленгенін бай­қаймыз.  Дегенмен кейін саяси өз­геріс­терге байланысты күштеп ұжымдастыру ке­зінде оның отбасы да сол кездің қиынды­ғы­на ұшырайды: отбасының малы ортақ меншікке алынып, өмір сүру қиындайды. Аштық жылдарында ата-анасынан, туыс­тарынан айырылады. Біраз уақыт балалар үйінде өмір сүреді. Кейін оны аталас туысы, Алматы маңындағы Өжет деген колхоздың басқарма төрағасы Айдабосын деген кісі келіп балалар үйінен алып кетеді. Сөйтіп, Дәу­реннің Алматыдағы өмірі басталады. Бірақ кейін әлдебір оқиғаға байланысты рен­жіп, туысының үйінен кетіп қалған Дәу­рен өз еркімен балалар үйіне орналасады. Алдымен бірінші, кейін 15-балалар үйінде болады. Сонда жүргенде тағдыр оны бола­шақ мамандығына жол ашады. Бұл жайында ол былай деп жазады: «Бірде балалар үйіне, қасында бір ер адам бар, әдемі бір әйел келіп, балаларды жинап, болашақ музыка-хореография мек­­тебі үшін іріктеу жасады. Сөйтіп, он­да­ған балалардың ішінен бір қыз бен екі ер ба­­­­ланы таңдап алды. Ол қыздың аты-жөні Зина Әбдірахманова, ал екі ер баланың бірі − Сортай Әбдірахманов және бірі мен болдым. Кейін білдік, бұл іріктеу барлық балалар үйін­де өтіпті. Кейінірек 13-балалар үйінде музыка-хореография мектебі ашылды. Әлгі бізді таңдап алған әйелдің аты-жөні Вера Ильинична Лазарева екен, ол Алматыға Ленинград қаласынан келіпті. Ол музыка-дра­матургия техникумының оқытушысы болды. Бізді оқытқан педагогтердің бәрі де өз ісінің нағыз мамандары еді». Сөйтіп, Дәурен Әбіровтің би өнерін­дегі жолы басталады. Бірақ 12 жа­сын­­да ауырып қалады. Бүкіл буыны қақсап, құла­ғынан ірің ағып, қатты науқастанады. Дәрігерлердің емдеуі де оның ауыруынан айық­­тыра алмайды. Содан соң оны туыс­та­ры оқудан алып кетіп, халық емшісі − Тәжі­бай тәуіпке емдетеді. Соның арқасында ол сауы­ғып, 15 күннен соң қайта оқуына ке­леді.  1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қа­зақтың әдебиеті мен өнерінің онкүн­ді­гінде жас қазақ бишілерімен бірге Мәскеудің Үлкен театрында «Гүлдер вальсі», «Ұйқыдағы ару» балетін орындап, өнер көрсетеді. Кейін көп­теген педагогтің ұстаздық балет өнерін терең меңгеріп, шеберлігі толысады. Бірақ Екін­ші дүниежүзілік соғыстың басталуы өз­гелермен қатар Д.Әбіровтің де өнерін одан әрі дамытуына кедергі болады. 1942 жы­лы армия қатарына алынып, алғашқы үш айда Алматы маңында орналасқан 147-полктің дайындығынан өтеді. Алайда жастарды майданға аттандырар алдында 147-полкта әскери дайындықтан  өткен 15 ада­мын арнайы бұйрықпен соғысқа жібер­мей алып қалады. Шекара әскері басшылығы оның Алматы хореографиялық училище­сі­нің түлегі екенін біліп, Жаркент шекара отря­дының ән-би ансамбліне жібереді. Сөй­тіп, ол ансамбль құрамында шекара бойын­­­­дағы әскерлер алдында өнер көрсетіп, 1946 жыл­дың 6-желтоқсанына дейін әскери қыз­метте болады. Әскер қатарынан босаған соң Абай атындағы Опера-балет театрында қыз­мет етіп, балет училищесін бітіреді. Әскер­де жүрген кездерде ҚазМУ-дың Жур­на­листика факультетінің қазақ бөліміне сырттай оқуға түсіп, оны 1947 жылы бітір­ген Дәурен Әбіровтің білімді кәсіби дәре­же­де игеруге ұмтылысы мұнымен тоқтамайды, 1947-1952 жылдары ҚазКСР Министрлер Кеңе­сінің өнер басқармасының жолда­ма­сы­мен Мәскеу қаласындағы А.Луначарский атынд­ағы ГИТИС-тің (Мемлекеттік театр өне­рі институты) балетмейстер бөлімін оқып бітіреді. Міне, осыдан кейін ол Қазақ­стан­дағы өз ұлтымыздан шыққан ең ірі ба­летмейстер ретінде танылып, көптеген опе­ра және балет спектаклінің басты би пар­тияларын орындайды. Қазақтың алғашқы әрі кәсіби балет­мейс­тері Дәурен Әбіров 25 жыл бойы (1952-1977 жылдарды) Абай атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық опера-балет театрында табысты еңбек етіп, үлкен балет ре­пертуарын жасайды. М.Чулакидің «Жас­тық», Ц.Пуньи, Э.Глиэр мен Василенконың «Эс­меральда», сонымен қатар Морозовтың «Ай­болит», Глазуновтың «Раймонда», Ярул­лин­нің «Шурале», Спадавеккианың «Бақыт жа­ғалауы», Асафьевтің «Бақшасарай фон­таны» (Р.Захаровпен бірге), Великановтың «Қам­бар-Назым», А.Зацепиннің «Қарт Хот­та­быч», А.Меликовтың «Махаббат туралы аңыз», Ғ.Жұбанованың «Аққанат», Е.Бру­си­ловс­кийдің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ба­лет­терін қойды. Сондай-ақ ол Е.Брусиловс­кий­дің «Қыз Жібек», «Жалбыр», М.Тө­ле­баев­тың «Біржан-Сара» операларындағы билерді қойып, ұлттық опералық хореографияны қа­лыптастыруда зор еңбек етіп, қазақ биі­нің мәнерлеу диапазонын кеңейтті. Журналистік білімі бар Дәурен Әбі­ров қазақ би өнері жайында, қазақ би­шілері жайында көптеген мақала жа­рия­ла­ды. Өз мақалаларында ол қазақ биші­лері­нің шеберлігін, кәсібилігін насихаттап отыр­ды. Мәселен, оның 1958 жылы «Сталин жо­лы» (қазіргі «Жетісу» газетінің 1934-1954 жыл­дардағы атауы) газетінде жарияланған «Би шеберлері» деп аталатын мақаласында өзі­мен түйдей құрдас, сол кезде 25 жастағы бел­гілі қазақ бишісі Нұрсұлу Тапалова жай­лы былай дейді: «Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында атақты Совет ком­позиторы Асафьевтің «Бақшасарай фон­та­ны» өтіп жатты. Залдың іші көрушілерге лық толы. Бәрінің көңілі де, зейіні де сах­на­дағы жүріп жатқан қимылдар мен оқи­ға­ларда. Әсіресе, татар ханы Герейдің әйелі − Заре­маның қимылы мен әрекеті, ішкі ой дү­ниесі мен жан сезімі оның әрбір биінен ай­қын көрінеді және сол әрекеті арқылы та­рихи белгілі бір дәуірдің оқиғасын ал­дыңа көлденең тартады. Жұртшылық көз айыр­май қарап отырған Зарема рөлін ат­қарушы − Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ар­тисі Нұрсұлу Тапалова еді. Ол осы сахнада бүкіл Одақ жұрт­шы­лы­ғы­на белгілі би маманы Г.Улановамен қатар жүр­ді. Уланова бұл балеттің басты рөлі − Ма­рия болып ойнаса, оған қарсы − Зарема рөлін Нұрсұлу атқарды. Нұрсұлудың сахна өміріне аралас­қа­нына 17 жылдан бері талай-талай жауапты рөлдерді атқарып, елеулі табыс­тар­ға жетті. Жұртшылығымыз бүгін Н.Та­па­лованы театр сахнасынан Зарема рөлінде кез­дестірсе, ертең «Эсмеральда» балетіндегі не­гізгі кейіпкер сыган қызының рөлінен кө­реді. Бұл рөл − халыққа сүйкімді бейне. Нұрсұлу сыган қызының образын, сыртқы түр-пішінін және оның албырт мінез-құ­лық­тарын, жалпы қимылы мен іс-әре­кетін му­зыканың әсем сазымен бере білді. Қазақ­тың қарапайым қызы Н.Тапалова өзінің өне­рімен тек осы айтылғандарда ғана емес, театр сахнасында қойылып жүрген балет спек­такльдерінің бәрінде де көрнекті рөл­дер атқарады. Сонымен қатар ол қазақ опе­раларында орындалатын билерге қаты­сады. «Қыз Жібекте» иран биін, «Ер Тарғын» операсында парсы биін билейді. Біз сөз етіп отырған би өнерінің шебері Нұрсұлу Тапалова арнаулы мектептен өт­песе де, өзінің таланты арқылы өскен акт­ри­са». Бұл жай мадақтау емес, өнерді тану, өзі­­мен бір мезгілде қазақтың би өне­рінде жарқын із қалдырған Нұрсұлу Та­па­лова­дай үлкен өнер иесіне деген құрмет. Сөз ара­сында айта кетсек, кезінде Дәурен Әбі­ров­­тей тұлғаның өзі жоғары бағалаған Нұр­сұлу Тапалованың биылғы 100 жылдық ме­рекесі лайықты атап өтілмей қалды. Ке­зін­де «қазақта би өнері болмаған, олар мә­дениеттен жырақтау, негізінен далада кө­шіп-қонып жүре берген» деген өзгелердің шо­­винистік пиғылдағы пікіріне өз өнерімен соққы беріп, қазақ биін жоғары дәрежеде та­ныта алған Нұрсұлу Тапалованың ерекше шы­ғармашылығын назардан тыс қалдырып жат­қан бүгінгі ұрпаққа Дәурендей тұлғаның сөзі − ұлт өнерін қастерлеу жолында үлгі тұ­­тар лебіз екені есте жүрсін дейміз.  Иә, Дәурен Әбіров бойындағы бар та­лан­­­тын ұлтының мерейін биіктету жолына ар­наған, қазақ балетінің деңгейін көтеруге жан­кешті еңбек еткен аса ірі өнерпаз тұлға. Ол ісімен ғана үлгі болған жоқ, қазақ өне­рін­дегі өзі жүрген саланың проблемаларын кө­теріп, еліміздегі беделді басылымдарға та­лай мақала жариялаған өнердің үлкен жа­нашыры еді. Мәселен, оның Túrkistan га­­­зетінде (№33 (2016) 19-25 тамыз, 1998 ж.) ба­сылып шыққан «Жай-күйі болған елдің биі де болады (Қазақ би өнерінің кейбір қал­тарыстары хақында)» атты мақаласында қа­зақ би өнері туралы құнды деректер ай­та­ды. Үзінді келтірейік: «Қазақ би өнерінің ер­те заманнан бері қазіргі күнге дейін же­лі­сі үзілмей келе жатқанына «Таңбалы тас» қой­науындағы, «Шолақтау» тауындағы (Қа­­зақстан археологтарының анық­тауын­ша, біріншісі б.д.д. VIII-V ғасырларға, екін­ші­сі V-III ғасырларға жатады) жартастарда би­­шілер бейнесінің кескінделуі тәрізді та­ри­­хи деректер куә. Бұлар жөніндегі кейін­гі де­ректер белгілі орыс тарихшысы Н.Бичу­рин­­нің аудармасындағы б.д.д. ІІ-І ғасырға жататын Қытай тарихи түпнұсқаларында кездеседі.  Мәселен, латын-құмандық «Кодекс-Куманикус» сөздігінде (ХІІІ ғасырда жасалған), «Қазақтың батырлар эпосында» (XIV-ХVII ғ.ғ.), әсіресе, ХІХ-ХХ ғасырларда Қазақстанда болған орыс саяхатшылары мен этнографтарының, жур­налистері мен топографтарының, гео­лог­тары мен ғалымдарының көптеген әңгімесі мен мақаласында би өнеріне қатысты көп дерек ұшырасады. Осы еңбектерден биші­лер есімдері мен бидің аты және кейбір би қи­мылдарының суреттерімен таныс бо­ла­мыз. ...Көз көргендер мен тікелей орын­дау­шы­лар сөзіне қарағанда, ертеректе халық би­лері көп болғанға ұқсайды. Олар: «Қара­жор­ға», «Ұтыс би», «Дауылпаз», «Келіншек», «Қоян би», «Қоян-бүркіт», «Қаз-қатар», «Тыр­на биі», «Той биі», т.б. Олардың мазмұны мен орындалуын көрермендер толық түсі­ніп, қызу қолдау білдіріп отырған. Бұған дә­лел ретінде 1860 жылы орыс топографы Чара­деевтің қолынан шыққан «Дәулеткерей сұл­тан киіз үйінің жиһазы» атты акварель-кар­тинаны мысалға келтірсе де жеткілікті. Кар­тинаның сыртқы бетінде суретші «Би­леуші Янзак Япасов (яғни, Жанұзақ Жап­пасов. − Д.Ә.) деген жазба қалдырған». Бұдан кейін мақала авторы алғышқы қазақ спек­такльдерінде би қоюшылар «қазақта би бол­маған» деген түсінікте жүргенін, соның ке­сірінен қазақ билеріне көптеген елдің би қимылдары  кіріп кеткенін сынайды. Сырт­тан келіп би өнерін үйретіп жүргендердің қазақ биінің тарихын білмейтіндіктен, ұлт­тық би өнеріміздің ақсап жатқанына ашы­нады. Бұл орайда қазақ би өнерінің болашағы жайлы өз ойларын айтып, қазақ өнеріне шынайы жанашырлық жасаған Өзбекәлі Жәнібековтей тұлғаның еңбегіне жақсы баға берген.  2001 жылы 78 жасында дүние салған Дәу­рен Әбіров өз өмірі туралы мемуарын жа­за бастаған да, толық аяқтай алмай кет­кен. Де­генмен атақты қазақ балет­мейстері жө­нінде жақында шыққан кітапта оның өз жаз­­ған­дары да, ол туралы өзгелер­дің жаз­ған­­дары да жинақталып беріліп, оның шы­­­ғар­машылығы кеңінен қамтылған.  Дәурен Әбіровтің туғанына 100 жыл толуына орай «Алматы» теат­рында өткен ша­­рада тұсаукесер рәсімі өткен «Дәурен Әбіров − алғашқы қазақ­стандық балетмейс­тер» кітабында (Құрас­тырғандар − Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген артисі, өнертану кан­дидаты, профессор Тойған Оспанқызы Ізім, Кәмила Дәурен­қызы Абирова, шы­ғар­ған белгілі дәрігер-меценат Ғани Сма­хан­ұлы) С.Сексенбаева, С.Нурманова, К.Айт­ка­лиева, Г.Бейсенова, А.Алишева, Л.Кремер, Г.Саитова, А.Куль­бекова, Т.Ізім, Е.Брусиловская, А.Жоранова секілді Дәурен Әбіровтің көзін көрген көптеген автордың естелік-мақа­ла­лары және қызы К.Абированың естелігі бе­ріл­ген. Сондай-ақ кітапқа Дәурен Әбіров­тің өз жазғандары мен ол туралы баспасөз­дер­де жарияланған материалдар, оның өмір жолы мен шығармашылығын қамтитын көп­теген фотодерек, сурет енгізілген. Бұл кі­тап қа­зақтың тұңғыш балетмейстерінің өне­рі мен өмірін, еткен еңбегінің көркем де шы­найы баяны. Демек, әбіровтану ғылымы­ның ір­гетасы қаланды деген сөз. Қазақтың атақты ақыны Ығылман Шө­ре­­­ковтің «Ел қамын жеген ерлердің сөз біл­ген жанда хақы бар» дегеніндей, қазақ өне­рі үшін қашанда қадірлі тұлғаны кең түр­де тану − болашақта қазақ өнерін биікке шы­ғара берер өнерпаз ұрпақ үшін өрелі өне­ге, өрісті үлгі болмақ. Өйткені ұлтының өне­ріне өмірін арнаған азаматтардың рух берер ісі кейінгіге қашанда қадірлі.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ