Спорт

Зульфия Чиншанло жарыстардан 8 жылға шеттетілді

Ашық дереккөз

2022 жылдың соңында жарыстан тыс кезеңдегі сынамасында анаболикалық "метандиенон" стероидінің іздері табылған болатын.

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді қайта бұзғаны үшін сегіз жылға дисквалификацияланды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың соңында жарыстан тыс кезеңдегі сынамасында анаболикалық "метандиенон" стероидінің іздері табылды. Содан бері ол спорттық қызметтен шеттетілді.

Бұған дейін үш дүркін әлем чемпионы 2012 жылғы олимпиаданың алтын медалінен айырылған еді. Талдауларды қайта тексеру кезінде одан тыйым салынған екі препарат "Оксандролон" мен "Станозолол" табылды. Осыған байланысты Чиншанлоны 24 айға жарыстан шеттетті, содан кейін ол Токио-2020-да "қоланы" жеңіп алды.