Елордада Жеңіл атлетика федерациясы құрылды

Елордада Жеңіл атлетика федерациясы құрылды

Елордада Жеңіл атлетика федерациясы құрылды
ашық дереккөзі
2017 жылғы 27 ақпанда әділет органдарында «Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметінен хабарлады. Атап өтілгендей, 2017 жылғы 16 ақпанда өткен құрылтай конференцияның бірауызды шешімімен қайта құрылған Астана қаласы Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып Ерғали Егемберді сайланды. «Астана Жеңіл атлетика федерациясы жұмысының негізгі мақсаты халық, әсіресе жастар арасында жеңіл атлетиканы және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Қызметтің жеке бағыты спортшыларды жарысқа дайындау бойынша қажетті жағдайларды  жасау болмақ», — деді Ерғали Егемберді. Айта кетейік, қалалық және облыстық Федерациялардың қызметін үйлестіруді ҚР Жеңіл атлетика федерациясы жүзеге асырады.