Қоғам

Астанада балық аулау орындарында рейд өткізілді

Елордалық ТЖД су мен мұздағы тәртіп ережелерін сақтауға кеңес береді.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында балық аулау орындарында профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсіндіру.

Құтқарушылар мен полицейлердің түсіндірме жұмысынан кейін қатысушыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері бар ақпараттық брошюралар таратылды.

Елордалық ТЖД су мен мұздағы тәртіп ережелерін сақтауға кеңес береді.