Жаңалықтар

Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

dauletten.kz

Биыл 3,5 мың нысанға аудит жасалады.

Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін осы жылдың қазан айынан бастап 16,7 мың объектіні қамтитын қала ғимараттарында аудит басталды. Биыл 3,5 мың нысанға аудит жасалады, қалған 13,2 мың объектіні 2024 жылдың соңына дейін тексеру жоспарланған. Қала әкімі тілшілер қауымымен кездескенде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қала әкімдігінің бастамасымен мәслихатқа Алматы қаласының аумағында құрылысты жүргізу қағидаларын бекіту жөніндегі құзыретін, сондай-ақ қаланың күрделі объектілерін техникалық сүйемелдеу және қабылдау үшін ғылыми-зерттеу институттарды тартудың орындылығын көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілмек.

«Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға объектілердің сейсмикалық төзімділігі тұрғысынан қала құрылысын бақылау функциясын беру қарастырылуда. 28 жер сілкінісін ерте ескертетін сейсмикалық стансаны орнату толығымен аяқталды. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халықты қабылдайтын 545 жаңартылған пункт анықталды», – деп хабарлады Ерболат Досаев.

Сонымен қатар Бостандық ауданында өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. 75 метрлік 2 өрт сөндіру сатысын және 90 метрлік 1 көтергіш сатып алу көзделген. Ол үшін келер жылға жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді.