Жаңалықтар

Астана автобустарында жолақысын төлеудің жаңа әдісі пайда болды

CTS

Бұл тәсіл жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жабдықтарымен жабдықталған автобустарда қолжетімді.

Елордалықтар қоғамдық көлікте жолақысын жаңа әдіспен төлей алады. Бұл туралы turkystan.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап хабарлады.

Астананың қоғамдық көлігінде жолақыны Bluetooth арнасы арқылы төлеуге болады. Төлемнің бұл түрін пайдалану Avtobys мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

Ол үшін:

- Avtobys мобильдыэі қосымшасын жүктеу;

- Қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу;

- Мобильді қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, электрондық әмияндар, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

«Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздың Bluetooth қосасыз, қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жабдықтарымен жабдықталған автобустарда қолжетімді.