«Астана Арландарына» жаңа директор тағайындалды

«Астана Арландарына» жаңа директор тағайындалды

«Астана Арландарына» жаңа директор тағайындалды
ашық дереккөзі
Бүкіләлемдік бокс сериясына қатысатын «Астана арландары» клубының атқарушы директоры болып Саят Әбілдин тағайындалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. Бұған дейін ол бас менеджердің орынбасары қызметін атқарған. «Маусымның нағыз қызған шағында қызметімнен кетуге тура келіп тұр. Қазіргі сәтте ұжым 4 наурыз күні Атырауда «Қытай айдаһарларына» және 18 наурыз күні Таразда «Ресей патриоттарына» қарсы жекпе-жектерге дайындалып жатыр. Клуб ішіндегі білікті маманды қойғанына қуаныштымын. Саятты бұрыннан білемін. Алдағы уақытта бастаған әрбір ісіне тек табыс тілеймін», — деді клубтың бұрынғы директоры Серік Сәпиев. Айта кетейік, 28 ақпанда орталық сайлау комиссиясында өткен жиында «Нұр Отан» партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданған болатын.