Еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды
Шектеу барлық көлік түріне арналған.
Ауа-райының нашарлауына (қар, боран, шектеулі көрініс), сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 20 желтоқсанда мына жол учаскелері жабылды:
Жамбыл облысында - 1 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен уч. с. – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 км;
Жетісу облысында - 2 учаске
1. «Үшарал-Достық» а/ж 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.;
2. «Сарыөзек-Көктал» а/ж 45-68 км, (Алтын Емел асуы).
Шектеу барлық көлік түріне қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды.