Қоғам

Абай облысында қатты жел жүк көлігін аударып тастады

polisia.kz

Тәртіп сақшылары жүк көлігін жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.

19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай трассасының 913 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді», – делінген polisia.kz сайтының хабарламасында.  

Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді. Шетелдік полицейлерге ризашылығын білдірді.