Жаңалықтар

Атырау облысында екі ірі кәсіпорынға 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

Gov.kz

Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру фактілері анықталды.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.