Қоғам

Таразда ер адам екі шетел азаматын құлдықта ұстаған

Ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойған.

Таразда екі шетелдікті құлдықта ұстаған күдікті ұсталды,  деп хабарлады Polisia.kz.

Тараз Полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түсті.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтаған.